Шымкент: «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай режиссер Серік Таласовтың жаңа туындысы көрерменге ұсынылды.

image.png

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының волонтерлік топтарының белсенді жастары қатысты.

Фильмде екі достың оқиғасы арқылы еріктілердің жұмысы суреттеледі. Жастардың патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түсірілген фильм режиссердің 50 туындысы. 

Кинокөрсетілім соңында Шыңғыс Жұмабекұлы мен Бахадыр Нарымбетов сөз алып, режиссердің  туындысына бағасын берді. 

– Бұл мен көрген сәтті шыққан фильмдердің бірі дер едім.  Киноматографиясына тоқталсақ, барлық жанр қамтылған. Серіктің талантты киногер екенін халық жақсы біледі. Жаңа туындысы қоғамдағы көптеген өзекті мәселелерді қозғайды. Актерлер де өздеріне қойылған миссиясын жақсы алып шыққан. Әрқайсысының кәсіби маман екенін сомдаған рөлдерінен көруге болады. Мұндай фильмдерді үлкен экрандарға шығаруға өзім де атсалысамын. Алдағы уақытта кинотеатрларда фильмді көпшілікке тамашалауға мүмкіндік жасаймыз, - деді Шыңғыс Мұқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер