Тәуелсіздік мерекесіне орай колледж студенттері бас қосты

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Студенттер күні мен «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында Шымкенттегі индустриалық-техникалық колледжінде қаладағы арнаулы оқу орындары студенттерінің «Білімді жас — Қазақстанның болашағы» атты фестивалі өтті. 

image.png

Мерекелік іс-шарада арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда әр колледж кәсіптік мамандығына қарай студенттер қолымен жасалған бұйымдарды келушілер назарына ұсынды. Сондай-ақ фестиваль барысында шәкірттер арасында пікірталас сайысы өтіп, студенттер парламентариясы ұйымдастырылды. 

— Пандемияға байланысты колледж шәкірттері концерттік іс-шараларға қатыса алмай қалған еді. Карантиндік талаптардың жеңілдеуінің арқасында көптен бері енді офлайн режимде фестиваль ұйымдастырып жатырмыз. Бұған студенттердің барлығы дән риза, қуаныштарында шек жоқ. Іс-шаралардың барлығына белсене қатысуда. Фестивальдің басты мақсаты-  Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту болса, екінші жағынан осындай мерекелік іс-шара арқылы арнаулы оқу орындарымен байланыс нығайып, ортақ мәселелер ортаға салынып әрі студенттер өзара танысуға, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алады. Сонымен бірге Өзін-өзі тану пәні бойынша біздің білім ошағы республикада пилоттық жобаға кірген. Осы фестивальде соның аясында вебинар өткізілді. Егемендікті еңселі ету жолында кәсіптік колледждердің жұмысшы мамандар даярлауда қосар үлесі өте зор. Мемлекет тарапынан да арнаулы оқу орындарына көрсетілетін қолдау шаралары жылдан-жылға ұлғайтып келеді. Сондықтан келешекте кәсіптік мамандықтар оқытуда колледждердің атақ-абыройы одан сайын артады деген үміттемін, - деді индустриалық-техникалық колледж директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тілек Исахметов.

Колледждер арасында өтіп жатқан фестиваль соңы өнерлі студент жастардан құралған көркемөнерпаздар тобының мерекелік концертімен аяқталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер