Ретсіз сауда қатарлары анықталды

Шымкентте заңсыз сауда қатарларын реттестіру жұмыстары қолға алынуда. Әл-Фараби ауданы әкімдігі аумағындағы ретсіз сауда орындарына рейд жүргізіліп, оған әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары қатысты. 

image.png

Бірлесе жүргізілген рейд барысында Рашидов көшесінің бойында ретсіз  сауда қатарлары анықталды. Ондағы кәсіпкерлердің  мемлекет меншігіндегі жерлерді өз пайдасына пайдаланғаны белгілі болды. 

ҚР Әкімшілік кодексінің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орында сауда жасау және қаланың абаттандыру қағидасын (505 бап) бұзғаны үшін  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Аудан әкімдігі тәртіпті өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандарының иелеріне  құзырлы мекеме тарапынан шара көрілетінін ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер