Үш магистралды суаққының құрылысы аяқталды

Шымкентте үш магистралды суаққының құрылысы аяқталды. Бүгінде аталған нысандарда құбырларды жуып-шаю және жалпы тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

image.png

4,48 шақырымдық, 9,37  және 10,61 шақырымдық магистралды суаққылардың құрылыс жұмыстары  2020-2021 жылдың мамыр, маусым  айында басталған. Қазіргі таңда құрылысы толығымен аяқталды.  

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшыларына бұл бағыттағы жүргізілген жұмыстарға күнделікті жүйелі түрде мониторинг жасауды тапсырған болатын.  

Аталған магистралды құбырлардың тексеру жұмыстары аяқталғанда 100 мыңнан аса адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Нәтижесінде Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке-20 жыл және Көкбұлақ тұрғын алабына ауыз су кезең-кезеңмен беріле бастайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер