Мотоциклді де мас хәлде айдауға болмайды!

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының полицейлері мас халде  мотоцикл басқарған жүргізушіні анықтады. Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Осы тұста мақтааралдық полицейлер күндізгі сағат 11:40 шамасында аудан көшелерін патрульдеп келе жатып, жол ережесін бұзған «Муравей» маркалы мотоциклін тоқтатты. Полиция қызметкерлері оны тексеру барысында жүргізушінің мас халде болуына күдіктенді. Осылайша медициналық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша мас халде екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша іс-құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады. Мақтаарал аудандық сотының қаулысымен жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ішімдік ішіп, көлікке отырмаңыздар деп ескертеді. Және де жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндемеуге шақырады. Одан бөлек жол қауіпсіздігі  ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай, тиісті заң талаптарын орындаңыздар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер