Құжатсыз мал тасу -- заңбұзушылық

Screenshot_2.jpg

Полицейлер  заңсыз мал тасымалдаған 91 автокөлік иесін анықтады. Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда Республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты мал ұрлығының алдын алу, болдырмау, мал ұрлығының ізін суытпай ашу болып табылады. 

Аталмыш шара барысында қалалық, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері жұмыс жасауда. Осы тұста Мақтаарал ауданы ПБ-ның жеке құрам қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, әр аптаның бейсенбі күні таңғы сағат 05:00-ден бастап мал сататын аймақтардың барлығына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы жыл басынан бері мал тасымалдаған 328 автокөлік, оның ішінде 612 мал тексерілді. Тәртіп сақшылары заңсыз мал тасымалдаған 91 көлік иесін анықтап, ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша іс-құжаттарды жинақтап, әкімшілк шара көрілу үшін тиісті орынға жолдады. Сонымен қатар әрбір учаскелік инспекторлар өздерінің ауыл әкімдіктерімен, ветеринария саласының қызметкерлерімен бірлесіп, қараусыз қалған және егістік алқаптардың жағалауында арқандаулы тұрған малдарды қамап, иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.  

Бұдан бөлек, «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысының полицейлері  ауыл әкімшіліктерде өткізіліп жатқан жиналыстарды мал ұрлығы туралы әңгімелер, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарына мал қораларының беріктігін қамтамасыз етіп, қажетті іс-шараларды қолдануды естеріне салады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер