Шетелдікті тонап ұсталды

Screenshot_3.jpg

Учаскелік полицей шетел азаматының 900 АҚШ долларын тартып алып, тонап кеткен  2 адамды ұстады. Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш    ауданындағы «Жібек-жолы» кеден бекетінде  учаскелік полиция инспекторы Мақсат Пернебаев  белгісіз  біреулердің орта жастағы азаматты ұрып соғып, әмиянындағы 900 АҚШ долларын  тартып алғанын көрген.   Содан учаскелік полицей жедел түрде  күдіктілердің  соңынан қуып жетеді. Орта жастағы азаматты ұрып соғып тонаған  2 күдікті  азаматты   полиция бөліміне жеткізді. 

Белгілі болғандай жәбірленуші  Өзбекстан елінің азаматы екені анықталды. Ол бекет аумағында кетіп бара жатқан уақытта 2 ер азамат әмиянында ақша барын көріп қомақты қаржыны иемденгілері келген. Осылайша шетелдікті тонаған. Алайда өз ісіне мұқият учаскелік полиция инспекторы  Мақсат күдіктілердің жасаған әрекетіне куә болып, тез арада шешім қабылдаған.   Сондай-ақ полицейлер  күдіктілердің жергілікті тұрғын және  бірінің бұған дейін дәл осындай жайтпен сотты болғанын  растады.  Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда ұсталған орта жастағы 2 азамат қамауда.   Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына  хабар беріңіздер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер