Шұлығында марихуанасы бар шетелдік шекарада ұсталды

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының полицейлері шекарадан өтпекші болған шетелдіктің шұлығынан  есірткі  тапты. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Қазығұрт" шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өткізу бекетінен өту кезінде «DAF» маркалы жүк көлігіне «Келли» атты қызметтік ит үріп белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған. 

Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған тергеу тобы жүргізушінің Өзбекстан  Республикасының азаматы екенін анықтады. Сонымен қатар полицейлер көлік жүргізушісін тінту барысында оның оң жақ аяғындағы шұлығының есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға  жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің 3 грамнан астам кептірілген «марихуана» екені расталды.

Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер