Полицейлер жоғалған бір үйір жылқысын тауып беріп, тұрғынның алғысын алды

Screenshot_3.jpg

Түркістан полицейлері жоғалған 1 үйір жылқыны иесіне қайтарып, алғысқа бөленді. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын 102 нөміріне хабарласып өзінің жайылымда жүрген 21 бас жылқысын 2 күннен бері іздеп табай алмай жүргенін айтып, полицейлерден көмек сұраған. Осы хабарлама бойынша ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Мади Нұржанов және сондай-ақ патрульдік полиция тобының аға лейтенанты Абылайхан Байбақұлы жедел іздестіру шараларына кірісті. Олар жақын маңдағы жайылымдық жерлерді мұқият қарап шықты. Полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен жылқылардың болуы мүмкін  деген жерлерін  сондай-ақ құмшауыт жерлер мен егістік алқаптарды түгелдей қарап шықты. Іздестірудің нәтижесінде полицейлер 21 бас жылқыны  30 шақырым жердегі көрші  Қоссейіт ауылының жайылымдық жерінде  жайылып  жүргендерін анықтады. Шардара ауданының  қырағы полицейлері осылайша жоғалған жылқыларды тауып заңды егесіне жеткізді.

Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, ұры-қарының қолына түспеуіне септігі тиген полицейлерге жәбірленушінің айтар алғысы шексіз. «1 үйір жылқымды 2 күннен бері  іздедім, бірақ таба алмадым. Содан соң полицейлерден көмек сұрадым. Олар бірден іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тәулік ішінде жылқыларымды тауып берді. Ұрылардың қолына түспей жедел түрде тауып берген  полиция қызметкерлеріне  алғысым шексіз. Олардың шын мәнінде жедел қызмет ететініне көзім жетті. Алла разы болсын сіздерге, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» -деп сақшыларға ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде облыс полицейлері мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмай,  ұқыпты болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, төрт-түлікке қажетінше ен салынып, таңбалануы тиіс.  Малыңыз жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласқаныңыз дұрыс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер