Жомарт жандар интернат тәрбиеленушілерін қыстық киіммен қамтамасыз етті

Киелі құт мекенде қайырымды істер қатары жалғасуда. Бұл жолғы игі іске “Састөбе цемент-технолоджи” ЖШС мен Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық VARF қоры мұрындық болды. Қасиетті жұма күні аталмыш кәсіпорын мен ұйым өкілдері Састөбе кентіне қарасты Макаренко атындағы мектеп-интернатының 83 тәрбиеленушісіне 1 млн. 700 мың теңге қаржыға қыстық киім үлестірді.

image.png

Айта кетерлік осы уақытқа дейін зауыт басшылығы интернат тәрбиеленушілеріне қол қанат болып, мерекелерде сыйлықтармен қуантып, спорттық заттармен қамтамасыз етіп келген. Алдағы уақытта да  аталған білім ордасын қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз ету жоспарларында бар. 

Қайырымдылық шараға қатысқан ауыл ақсақалдары мен кент әкімі және мектеп директоры зауыт басшылығына алғыстарын білдіріп,  жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#құтмекен

#Түлкібас_Түркістан

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер