Тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан халық газдан уланып, тұрғын-үй секторларында өрт орын алып жатады. 

image.png

Бүгін Түлкібас ауданында аталмыш оқиғаны болдырмау, алдын алу мақсатында аудан әкімдігі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты.

Бұл жолы Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, аудан, округ әкімдігінің және «КазТрансГаз Аймақ» ЖШС мамандыры мен ерікті жастар Мичурин ауылдық округінің орталығы Майтөбе ауылындағы үйлерді аралап, әр үйдің иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында қауіпсіздік шаралары көрсетілген арнайы жадыннама парақшалары 950 үйге таратылды.

Бүгінде аудан аумағындағы елді мекендерде 22 мыңнан астам үй болса, соның 12 мың 900 араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Сондай ақ, аудан аумағындағы көліктерге газ құю бекеттері арнайы мамандармен араланып, операторларына қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер