Тазалық мәдениеттіліктің өлшемі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, бүгін  «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспары  аясында жалпықалалық сенбілік жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты барлық мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарында өтті.  Тазалық  жұмыстары барысында  Республика, Қонаев, Түркістан, Момышұлы бойындағы саябақтар мен көше бойларындағы  жапырақтар жиналып, раушан гүлдер келесі жылға жақсы сақталуы үшін тамырын көму жұмыстары жүргізілді.  

image.png

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері  әкімдік  ғимараты алдындағы барлық қураған ағаштарды кесіп, арнайы орынға шығарды. Санитарлық тазалық шарасында маңайдағы ирригациялық жүйелер мен аяқжолдар қоқыстан тазаланды.

Сондай-ақ,  Байтұрсынов 17 Б ауласы сыпырылып, сынған ағаштар бұталанды. 

Жалпықалалық сенбілік жұмыстарына ауданда 500-ге жуық адам мен 41 арнайы техника жұмылдырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер