Елбасы кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді – табысқа айналдырды

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұңғыш Президент күніне орай өткен «Ел тірегі - Елбасы» атты мерекелік шара барысында айтты.

image.png

- «1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың 98,7 пайыздық қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті мандатын иеленді. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіз ел болу үміті қайта жанды. Шешуші сәтте ел тізгінін алған Нұрсұлтан Әбішұлы, осыдан 30 жыл бұрын кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді – табысқа айналдырды. Осылайша қазақ халқы мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялап, асқақ арманға қол жеткізді»,-деді әкім. 

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде қала басшысы 30 жыл бұрын Мемлекеттік Туымыз тұғырға қонып, Елтаңба мен Гимн – мақтанышымыз болып бекітілгенін атап өтті. Сонымен бірге Конституциямыз қабылданып, мемлекеттік құрылымның негіздері айқындалғанын жеткізді. 

Ең бастысы, Қазақстанның  Тұңғыш Президенті ел тарихында алғаш рет заң жүзінде рәсімделген және әлем мойындаған 13 400 шақырымдық мемлекеттік шекараны бекітті. Ел шебін қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау үшін Қазақстанның Қарулы Күштерін құрғанын айтты. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте состоялся показ кинофильма о вреде лудомании и наркомании
  • Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады
  • Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр
  • Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер