Халық таңдауы өз мәресіне жетті

Қаламызда үш күнге созылған «Шымкент өнімдері» жергілікті отандық тауар өндірушілер көрмесі өтті. Көрмеге жалпы 90 нан астам кәсіпорын қатысып, халыққа өз өнімдерін таныстырды. 

image.png

«Халық таңдауы» арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған 10 кәсіпорын және әр сала бойынша үздік өнім шығаратын 9 кәсіпорын жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Соның ішінде, «Химия өнеркәсібі» саласының жеңімпазы Сұлтанқұлов Қағанат Абдурахманұлы басқаратын «Best Home Kz» ЖШС  болып танылды. «Оңтүстік» индустриялы аймағында орналасқан  кәсіпорын 2018 жылдан бастап іске қосылған. Бүгінгі таңда, Түркістан, Жамбыл облыстарында лак-боя өнімдерін шығаратын цехтары да  іске қосылып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде. 

Соңғы 10 айдың көрсеткішімен  400 тоннадан астам  өнім шығарған лак-боя цехі  «New Color» брендімен Сулы-дисперсиялык бояу, акрилды бояу, лактар, акрилды желім, сәндік сылақтар шығарумен айналысады. Сапалы лак-бояу өнімдерін өндірудің заманауи технологиялары, импорттық жабдықтар, қызметкерлердің жоғары біліктілігін алға тарта отырып, қарқынды жұмыс жасауда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер