Шымкент: «Бір үй, бір бірлестік, бір шот» қағидаты бойынша жаңа жүйеге көшу 96 пайызды құрады

Қазіргі таңда ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй саласында өзгерістер енгізілген. Осыған  байланысты көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Өзгеріске сәйкес, «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін таңдау болып табылады.

image.png

Бүгінде Шымкент қаласында басқару нысанын тіркеуге жататын 1823 тұрғын үй бар. Ал жалпы тіркелгендер саны – 1745. 

Оның ішінде:

- мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) – 140; 

- жай серіктестік (ЖС) – 1605.

Қала бойынша тіркелген басқару объектілерінің жалпы саны 96 пайызды құрайды.

Жыл соңына дейін мүліктің меншік иелері бірлестіктерімен жай серіктестіктерді құруды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер