Шымкентте кәсіпкерлерге «Жомарт жүрек» сыйлығы тапсырылды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан бірқатар меценат, кәсіпкерлерге «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығын тапсырып, оларға қаланың дамуына қосқан үлесі және белсенді қайырымды қызметі үшін алғыс білдірді.

image.png

— Сіздер ел Тәуелсіздігін нығайтуға және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келесіздер. Қаншама адамды жұмыспен қамтып, мемлекет қазынасына мол салық төлеумен шектелмей, қайырымдылықпен айналысып жүрсіздер. Мұқтаж жандарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қол ұшын беріп, олардың болашаққа деген сенімін арттырдыңыздар. Қоғамда ізгілік пен мейірімділік секілді құндылықтарды насихаттауға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Айта кетейік, республикалық «Жомарт жүрек-2021» сыйлығын «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «GraMad Retail» ЖШС-інің құрылтайшысы Айжан Наимбекова, «Туған өлке» номинациясы бойынша меценат, кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Әшірбаев, ал, «Үздік ұжым» номинациясы бойынша Талғат Исахов басқаратын «Бал Текстиль» компаниясы иеленді.

#рухани_жаңғыру #жомартжурек

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер