Еңбекші ауданы “Үздік аудан” номинациясын жеңіп алды

Шымкент қаласы әкімдігі және Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының бастамасымен 2012 жылдан бастап “Таза қала” акциясы ұйымдастырылып келеді.

image.png

Акцияның басты мақсаты, тұрғындарды қаланың және үйінің ауласын таза ұстауға біріктіру, көршілер арасындағы ұйымшылдыққа, өзі тұрып жатқан жеріне жанашырлықпен қарауға баулу болып саналады.

2021 жылы да аталған акция өз жалғасын тауып, “Үздік аула”, “Үздік көше”, “Үздік шағынаудан”, “Үздік аудан”, “Үздік шағын бизнес”, “Үздік құқық қорғаушы”, "Үлгілі коммуналдық қызметкер” номинациялары бойынша жүргізілді.

29.12.2021ж. аталған номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар диплом және ақшалай сыйақылармен марапатталып, ынталандырылды. 

Сонымен қатар, “Таза қала-2021” акциясының “Үздік аудан” номинациясы бойынша 4 аудан ішінен Еңбекші ауданы жеңімпаз атанды!

Айта кететін жайт, Еңбекші ауданы 2019 жылы да аталған номинацияны жеңіп алып, “Үздік аудан” атанған болатын.

Құрметті тұрғындар!

Ауданымыздағы әрбір игі істер, жаңашылдықтар өздеріңізбен бірге атқарылып келеді. Сүйікті қаламызды көріктендіріп, ажарын аша түсуде әр тұрғынының үлес қосуы маңызды.

Ауданымыздың бүгінгіден де әсем, көрікті болуына өз үлесімізді қосып, алдағы уақытта да үздік болуына және үздік атағына лайықты болуына атсалысуға шақырамыз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер