Мал ұрлап қасапхана өткізгендер қолға түсті

Screenshot_7.jpg

Түркістандық полицейлер бірнеше мал ұрлығына қатысы бар екі жас жігітті ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Созақ аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің 2 бас қойын  белгісіз біреу ұрлап кеткендігі туралы айтып, шағымданған. Онда көрсетілгендей аулада орналасқан мал қорасына заңсыз кірген күдікті қойларын жымқырып, жалпы 80 мың теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар іске белсене кіріскен созақтық сақшылар мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысты күдікті екі жас жігіт ұсталды. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті жас жігіттер қамауда. 

Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің тындырымды еңбектерінің арқасында жас жігіттердің бұдан бөлек  мал ұрлығының тағы үш жайтына қатысы бары анықталды. Онда 2 бас қой мен 1 бас сиыр ұрлап, жәбірленушілерге жалпы 400 мың теңгеге жуық шығын келтірген. 

Белгілі болғандай күдіктілер жәбірленушілердің үйіне кезек-кезек ұрлыққа түсіп, қолды еткен малдарын бірінің басқаруындағы жеңіл автокөлікке салып алып кеткен. Ұрланған үй жануарларын ет сататын дүкендерге апарып өткізген. Ал ақшасын бөлісіп, өз қажеттіліктеріне жаратқан. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағылық танытуға және әсіресе түнгі уақытта мүліктің сақталуына шаралар қолдануға кеңес береді. Сондай-ақ малыңыз жоғалған жағдайда өз бетіңізше іздеуге уақыт жолғалтпастан, бірден 102 нөміріне хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер