Смартфон ұрлап ұсталды

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысының полицейлері дәріханадан ұялы телефон ұрлаған күдікті әйелді ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші азамат өзінің жұмыс жасайтын дәріханасында тұрған «Самсунг-А 12» маркалы ұялы телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 80 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған дәріханаға бағыт алды. Дәріхана иесі, жәбірленуші азаматтан басқа да көрген-білгендерден сұрап, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде аз уақыттың ішінде күдіктіні тұрғылықты жерінен қолға түсірді. Ол жергілікті әйел тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай күдікті дәрі алу мақсатында дәріханаға кірген. Содан соң ұялы телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті әйелден қолды болған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер