Ұрлаған көлікті бөлшектеп сатпақ болғандар ұсталды

Screenshot_5.jpg

Созақ ауданында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен үшеу қамауға алынды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам арызында тұрғын үйінің қақпасы алдында көше бойында тұрған «ВАЗ 21014» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. 

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктілерді құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде тәртіп сақшылары, небары 8 сағат ішінде жәбірленушінің көлігінің тұрған жерін және күдіктілердің жеке-басын анықтады. Яғни жүйелі атқарылған жұмыс арқасында ұрланған көлік Шымкент қаласынан күдіктінің бірінің гаражынан табылды. Осылайша Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері күдікті ретінде Шымкент қаласының 3 тұрғынын құрықтады. Оларды ПБ-ға жеткізді.

Анықталғандай, күдікті үшеу жеңіл жолмен пайда табу мақсатында Созақ ауданына келген. Содан түнгі уақытта көшеде, есігі ашық тұрған көлікті байқап, арам ойларын іске асырып, жымқырып кеткен. Мұндағы бар ойлары көлікті бөлшектеп сату болған. Алайда созақтық сақшылардың қырағылығымен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде ойлары іске аспай қалды. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабынан ҚК-нің 188-бабына қайта сараланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. 

Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлығын болдырмау үшін, көліктерін бейнекамерамен жабдықталған, жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін ескертеді. Ал автокөліктерге құжаттарды, үй кілтін, бағалы заттарды қысқа уақытқа болса да тастап кетуге болмайтынын жеткізеді. Егер де, сіз, қандай да бір қылмыстық оқиғаның немесе ұрлықтың куәсі, құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне жедел түрде қоңырау шалыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер