Полиция жолға шықпауды ескертеді

Түркістан облысында жолдардың жабылуына байланысты полицейлер ескерту жасады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы аумағында бірнеше күннен бері қар жауып, боран соғуда. Күннің күрт суытуы жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Облыстың таулы аймақтарында дамылсыз соққан ақ түтек боран жүргізушілер мен жолаушыларды әбігерге салуда. Осындай ауа райының тосын мінез танытып, ысқырып соққан суық желінде азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Түркістан облысы Полиция департаментінің аудандағы полиция қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды. Олар жолдарды патрульдеп, жүргізушілер мен жолаушылардың жолдағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз етпек. 

Осыған орай Түлкібас ауданы полицейлері  жолдың жабылғанын хабарлап, тұрғындарға ескертті. 

Яғни Жамбыл облысы бағытындағы  республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы (Түлкібас ауданы) жабылды. Аталған жолда қозғалыс тоқтатылды.

Ауа-райының алдағы  күндері де тосын мінез танытып, боранның жалғасуы ықтимал. Сондықтан жабылған жолдар бойынша полицейлер қосымша хабарлап тұрмақ. 

Түркістан полицейлері азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады. 

Қыс мезгілі кезінде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа райын біліп алған жөн. Сондықтан аса қажеттілік болмаса, жолға шықпаңыздар!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер