Жоғалған жасөспірім Түркістаннан табылды

Screenshot_4.jpg

Түркістан полицейлері жоғалған жасөспірімді тәулік ішінде тапты. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-ға сағат 10:30 шамасында Құркелес ауылының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша 17 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып  кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының өз баласын іздеп жүргеніне 2 тәулік болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. 

Сарыағаш АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Түркістан қаласында  досымен жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай жоғалған бала отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен  кетіп қалған. 

Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді. 

«Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне 2 күн болды. Ары іздеп бері іздеп, таппаған соң полицейлерге хабарластым. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын»!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер