Жүргізуші куәлігінсіз, мас хәлде көлік айдағандар ұсталды

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған екі жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы атқарылған жұмыстарының нәтижесінде сағат 11:45 шамасында Мақтаарал ауданы Атакент кенті көшелерінің бірінде жарық шамын жақпай келе жатқан, алдыңғы айнасында жарығы бар  «Audi»  маркалы автокөлікті тоқтатты. Содан соң полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні тексеру барысында сақтандыру полисінен өтпегенін анықтады. Жүргізушінің мас күйіне күдіктенген. Тәртіп сақшылары нақтылау үшін, медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысы бойынша, автокөлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. 

Мас халде жол жүру ережесін бұзып, автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру», 602-бабымен «Көлік құралдары жүргізушінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзу, 230-бабы «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыруы туралы заңнамасын бұзу» және 590-бабымен «Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу»  әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжаттарды Мақтаарал сотқа жолдады. 

Сондай-ақ мақтааралдық сақшылар күнделікті жұмыстарын атқару барысында мемлекеттік белгісі жоқ «Муравей» маркалы мотороллерді тоқтатты. Жүргізушіні тексеру барысында полицейлер оның жүргізуші куәлігінің мүлде жоқтығын анықтады. Масаң күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес мотороллер басқарушысының спирттік ішімдік ішіп, рөл тізгіндегені белгілі болды. 

Полиция қызметкерлері спирттік ішімдік ішіп, мотороллер басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің үш бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Олар: 590-бабы 2-бөлімі «Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару», 612-бабымен «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» және де 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру». 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер