Полицейлер қарияның құжатын жаңалап алғысын алды

Screenshot_7.jpg

Түркістан полицейлері 86 жастағы ақ жаулықты ананың төлқұжатын жаңартып берді. Бұл туралы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеби АПБ-ның полиция қызметкерлері  құжаттандыру жұмыстарына көбірек көңіл бөлуде. Осыған орай арнайы мобильді топ құрылып, аудан көлемінде қарт кісілермен денсаулығы нашар азаматтардың құжаттануын  қадағалау мақсатында жиі тексеріс жүргізіп отырады.

Осындай кезекті бір жұмыс барысында көші-қон полициясына Төлеби ауданы Алғабас ауылының тұрғыны хабарласқан. Ол өзінің анасы 86 жастағы  Ханым Далбаеваның төлқұжатының жарамдылық мерзімі өткендігін айтып, көмек сұраған. Хабар алысымен полицейлер халыққа қызмет көрсету  орталығының қызметкерлерімен  дереу хабарласып қарт әжейдің құжаттарын  тез арада рәсімдеп  қойды. 

Содан Төлебилік көші-қон полиция қызметкерлері кейуанамыздың үйіне барып  жаңа төлқұжат табыс етті. Қазіргі таңда 86-ға келген анамыз 3 ұл, 7 қыз өсіріп, одан 27 немере, 8 шөбере сүйіп отыр. 

Үлкенге құрмет көрсетіп, қамқорлық танытқан тәртіп сақшыларына ақ жаулықты ананың   ұлы алғысын білдіріп: «Менің анам 86 жаста, ол тыл ардагері. Жылдар өте анамның  денсаулығы нашарлап, жүріп-тұруы қиындады. Көші-қон қызметінің қызметкерлеріне рахмет. Тәртіп сақшылары үйге келіп, анама жаңа куәлік табыстады. Оларға қызметте табыс тілеймін!»- деп Төлеби ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер