Ойын бизнесін ұйымдастырған күдікті ұсталды

Screenshot_8.jpg

Түркістан облысының полицейлері ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов хабарлады.

– Өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданының тұрғыны біздің назарымызға түсті. Негізінен ол бұрын сотты болған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. ҰҚТ қарақшылықпен, бопсалаумен, тонаумен, қару-жарақ пен есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысқан. 

Криминалдық полиция қызметкерлері Сайрам ауданының аумағында ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар ҰҚТ қатысушысын анықтау бойынша жедел іс-шараларды бір жарым ай бойы жүргізді. 

Бірлескен операция нәтижесінде Түркістан облысы бойынша криминалдық полиция және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Кентау қаласында күдіктіні ұстады. Оны қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамады. Тергеу барысында ер адамның ойын бизнесін ұйымдастыруға және оны қолдап отырғаны, сондай-ақ оның ұйымдасқан қылмыстық топ құруға қатысы бар екендігі дәлелденді. 

Аталған жайт ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігі "заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" және ҚК-нің 1 және 2-бөлімдерінің 262-бөлігі "ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" бойынша тіркелді.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді полиция подполковнигі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер