Полиция автокөліктен тіркелмеген шолақ мылтық тәркіледі

Screenshot_12.jpg

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіледі. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті тоқтатты.  Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында артқы жүк салғышынан 1 дана 16-калибрлі шолақ мылтықты тапты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеуге алынды.

Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған қаруға қатысты сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Күдікті ер адам аталмыш мылтықты егістік алқаптан тауып алғанын айтуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға суық қару қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер