Полиэтилен пакет ұрлап несиесін төлемек болған тұрғын ұсталды

Полицейлер жылыжайдан 2 орам полиэтилен пакетін жымқырған жұмысшыны ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда жәбірленуші ер адам 1 апта бұрын өзінің жылыжайынан 2 орам полиэтилен пакеттерін белгісіз азаматтың ұрлап кеткенін көрсеткен. Ол осы уақытқа дейін өз бетінше іздеп жүрген. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Аудандық полиция бөліміне хабар түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына бірден бет алды. Айналаны түгел шолып шығып, қажетті шаралардың барлығын жүргізді. Осылайша тәулік бойы жасаған тиянақты жұмыстарының нәтижесінде полицейлер күдікті ер адамды анықтады. Ол жылыжайда жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті күндізгі уақытта жұмыс жасап жүріп, аулада бос жатқан 2 орам полиэтилен пакеттерін көрген. Содан соң өзінің несиесін төлеу мақсатында оңай жолмен ақша таппақ болған. Осылайша түнгі уақытта пакеттерді жымқырып, ауыл тұрғындарының біріне сатып жіберген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Құнды заттарыңызды бөтеннің көзі түспейтін жерде сақтап, өз-өздеріңізге бекем болуды ескертеді. Егер, сіз, қандай да бір заңға қайшы жайттардың куәсі немесе құрбаны болсаңыз уақыт создырмастан 102 нөміріне хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер