Бұл қабылдау бұрынғы қабылдаулардан өзгеше. Өз проблемамды қоя берші ауылдың пробемасын айтсайшы деген Елағасына сүйсіндім.
«AMANAT» партиясы болып атала салысымен партиялық құрылымдар партияның кезектен тыс XXII-съезінде қабылданған шешімдерді орындауға кірісіп кетті. Соның жұртшылық үшін ең маңыздысы көптен бері жиналып қалған проблемалардың шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігінше сөзбұйдаға салмастан тездетіп нақты шешу еді. Жеке азамат болған соң өз басындағы мәселелерді алға тартатыны түсінікті. Негізінде тұрғындарды алаңдататын өз отбасы проблемалары, ал кейінгі уақытта адамдардың белсенділігі артып өз ортасының, ауыл аймағының проблемаларын көбірек көтеретін болып жүр. Мен облыстық мәслихат депутаты ретінде қоғамдық қабылдауды жиі өткіземін. Егер бірден шешілсе келген азаматпен қоса қуанамын. Партияны жаңғырту бойынша партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісінің орынбасары Біржанов Азамат Дулатұлы, партияның Орталық аппаратының аймақтармен жұмыс департаментінің инспекторы Дарханбаев Жәнібек Әбдукәрімұлы құрамында қоғамдық қабылдаудың консультанты мобильдік қоғамдық қабылдауды біздің Түркістан өңіріндегі шалғай ауылдарда өткізді.
Қабылдауға облыс тарапынан партия филиалының Атқарушы Хатшысы Бейсен Тәжібаевпен бірге облыс депутаты ретінде мен де қатыстым. Бүкіл облыстағы тиісті басқармалардың өкілдері қатысты. Қоғамдық қабылдау Ордабасы хәне Отырар аудандарында өтті. Осы жолғы мобильді қоғамдық қабылдауға бес ауылдық округтен 188 адам қабылдауға келсе, Түркістан облыстық партия филиалы мобильдік қабылдауларын Қазығұрт, Созақ, Сарыағаш, Келес аудандарының 20 шалғай ауылдық округтерінде 786 азаматты өтініштерімен қабылдады.
Ауылдардағы ең өзекті газдандыру мен ағын су мәселелері болып тұр. Биылғы жылдың өзінде облыста 4400 өтініш түсіп оның 48,8 пайызы оң шешімін тапқан. Қабылдауға келген мобильдік топ бір-бір үстөл алып жанына орындық қойып қабылдауды бастай бастадық.
Алғашқы қабылдауымыз Ордабасы ауданындағы Жеңіс ауылында. Жаңылыспасам осыған жақын маңда ертеректе Жүзім зауыты болатын Менің отырған жеріме үсті басы мұнтаздай жасы жетпістен асып қалған ауыл ағасы жымиып келе жатқанын көріп орнымнан тұрып амандасып орындық ұсындым. «Қалыйма қалайсың айналайын» - деп тура бір ескі танысымдай амандасып жатыр. Ішімнен кім болды екен? Бұл жақта туыс таныс деген жоқ сияқты еді деп қайранмын. Іле-шала ішкі сұрағыма өзі жауап берді. «Сенің жазғандарыңды оқып тұрамын, маған ұнайды, кейде қайталап оқимын» дегенде не айтарымды білмей рахмет, рахмет дей беріппін. Еркек адамның бетіне тіке қарау деген бізде жас кезімізден қалыптаспаған, әжемнің айтқандарынан алған сабақ қой. Жәйлап қарасам шынымен айтып отыр бірнәрсе есіне түсіп кетті ме қайдам бір қырындаған жүзінен түсініксіз нүктеге көзін қадап отырғанын аңғардым да, ойын бөліп тыңдап тұрмын дедім. «Өз басымның қамы емес осы ауылдың қамы ғой осы газ мәселесі қашан шешіледі? Мынау тиіп тұрған Қарақұм 5 шақырым газды трасса арқылы әкелуге болмай ма ақыры алдымызға келіп қалған екенсіңдер шешіп берсеңдер дұрыс болар еді» деп үмітпен сөзін бітіріп барып өзін таныстырды.
«Аты жөнім Жаңабекұлы Асқар Жеңіс ауылындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасымын елдің атынан келіп тұрмын, жәй келіп тұрған жоқпын партия шешеді деп келіп тұрмын» - деп сөзін салмақпен аяқтады. Қазір деп жылдам орнымнан тұрып мобильдік топ құрамындағы облыстық энегетика және коммуналдық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Оспанов Шеріні алдына алып келдім. Мәдениетті кісі екен жасына қарамастан жасы кішімен тұрып амандасып жатыр. Бұл проблеманы білеміз ең алдымен жобалық сметалық құжат жасалған соң қаражат көлемі анықталатынын содан соң 2023 жылға бюджеттік өтінім ұсынылатынын бірге түсіндірдік. Ауылағасы орнынан тұрып бара жатып «Қалыйма мен саған сенемін аяқсыз қалдырмассың» - деген сөзі бір ауыр дорбаға ауыл аманатын салып арқама арқалатып жібергендей сезіндім. Қош айтысып тұрып түсінгенім көңілі көтеріңкі сеніп бара жатыр. Аманатты арқалап мен қайттым. Аманат сөзінің ауырлығын бүкіл болмысыммен сезіндім.
Қалыйма Жантөреева,
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филилалы атқарушы хатшысының орынбасары