Ағымдағы жылдың 22 сәуірде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XIV Республикалық пән олимпиадасы басталды. Білімменен біліктілікті шыңдайтын аламанда еліміздің 12 қаласынан 16 команда бақ сынайды. Бұған дейін, 2021 жылы онлайн өткен XIII Республикалық байқау Атырау қаласы Х. Досмұхамедов атындағы университет ұйымдастыруымен өткен. Сайысқа қатысқан 17 команданың ішінен Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеті топ жарған еді. Осы жылдың пән олимпиадасына Түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласы қызуда қарқынды дайындалғаны алғашқы күннен-ақ байқалды. Бірінші күні олимпиада таныстыру және үй тапсырмасына берілген бейнероликті саралаумен өтті. Сайыс шарты бойынша қазылар алқасы әділ төрелігін айтып, жасалған жұмыстар негізінде өз пікірлерін білдірді. Әділ қазылар алқасының қойған ұпайларын саралап болашақ журналистердің қазіргі деңгейін білуге болады. Өйткені жылдан жылға жаңа шарттар мен жаңа медианың меңгерілу тәртібі бойынша жас қаламгерлердің біліктілігі де артқан. Ұйымдастырушылардың ұсынысы бойынша қатысушылар Керуен сарай, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі, саябақтар менен іргесі қаланған Алатау медианы аралады. Сондай-ақ қатысушылар үшін барлық жағдай жасалып, сайыс күндері Рамазан айында ауыз бекіткендерге ауызашар берілді.
Таныстыру, өңірлік мәселелерді негізге ала отырып бейнеролик түсіру, тесттен өтіп, эссе менен газет жасау қатысушылар үшін жаңалық емес. Алайда мәселені көзбен көріп, сөзбен жеткізетін, құлақпен естігенге емес көздің көргеніне сенетін болашақ журналистер арасындағы бәсеке таң қалдырмай қоймайтыны анық. Бірінші күннен елдегі 12 қаланың 16 командасы өңірлік мәселе бойынша бейнероликте 16 түрлі мәселені ортаға салып, тіпті шешу жолдарында пайымдады. Оның ішінде әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және туризм саласы бойынша мәселелер қызу талқыланды. Қазіргі қоғамның дамуы мәселені қозғау мен оның шешілуін қамтамасыз ету. Бұл орайда журналистиканың рөлі зор. Сайыс қорытындысы қандай болмасын қатысушылардың білімі мен алған тәжірибесі өте маңызды.
Бұл менің республикалық олимпиадаға екінші мәрте қатысуым. Республикалық олимпиаданың білім алып біліктілікті артып, болашақ журналистер арасындағы тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді. Өйткені сайыс шарттары жылдан жылға өзгеріп, жаңа медианың шыңына алып келеді. Маңызды жаңалықтар айта кететін болсақ биыл Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік жоғарғы оқу ордасына 30 жыл. Осыған орай университет ректоры Жанар Амангелдіқызы Түркі елінің астанасы киелі Түркістанның әрі қарай дамуына зор үлесін тигізіп, халықаралық ынтымақтастық арқасында тәжірибе алмасатын 30 қадам туралы баяндады. Ал Ректор өкілі Женгиз Томар университетте білім алып жатқан студенттердің Түркия елінде білімін шыңдап келетін мүмкіндіктермен бөлісті. Егерде осы сайыстағы сөздер сүйекке батып, жетер жеріне жетіп, еліміздің мәселелердің орындалу кезегіне қойылса онда келелі істің келешегі көп күттірмейтіні анық.
Мадияр БАБАХАН, Туран университеті