Полицейлер жоғалған жас қызды тауып, отбасына қайтарды

Screenshot_9.jpg

Мақтаарал ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның 27 жастағы қарындасы таңғы сағат 09:00 шамасында тұрғын үйден жұмысқа кеттім деп шығып кетіп, содан кешке қайта оралмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден тіркеуге алды.

Ақпарат алған бойда тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-іздестіру тобы құрылды. Полицейлер ауыл-аймақтағы тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жас қыздың баруы мүмкін жерлерді түгел қарап шықты. Бір тәулікке созылған жан-жақты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер жас қызды "Мырзакент-Атакент"  тас жолында жалғыз өзі жаяу кетіп бара жатқан жерінен тапты. Осылайша жоғалған жас қыз отбасына аман-есен қайтарылды.

Анықталғандай, жас қыз жұмыстан қайтарда құрбысының үйіне барған. Содан кештетіп үйіне қарай көлікке мінем деп, жаяу шыққан. Сол аралықта күн қарайып жолдан адасып, мазаратқа түнеп шыққан. Таңертеңгісін жолға қайта шыққан бетте полицейлер оны тапқан. Қыздың аман-есен табылғанына қуанған отбасы мүшелері полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға келеңсіз жайттар орын алып, жазатайым жағдайға ұшырамас үшін, сақ болуға кеңес береді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Курьер Магнумда жұмысын жалғастыруда
  • Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды
  • Астанаға Дженнифер Лопес келеді
  • Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды
  • «Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер