Полицейлер тұрғын үйге жасырын кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Screenshot_1.jpg

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне белгісіз біреу жасырын кіріп, үй ішінде тұрған «Samsung» маркалы кір жуғыш машинасын, компьютерін «Crown» маркалы бұрғылау құралы мен электронды ара құралын ұрлап кетіп, жалпы 175 000 теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Жетісайлық полицейлер осы қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, күдікті көршісі болып шықты.  Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдіктінің пайдакүнемдік мақсатта есікті бұзып кіріп, ұрлыққа түскендігі белгілі болды. Айғақты зат ретінде оның үйінен ұрланған заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Күдікті бұған дейін де сотты болып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтегендігі анықталды.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар, дүкенді ашық қалдырмай, есік-терезелердің жабылғандығына көз жеткізіп алыңыздар. Ұрлық қылмысы орын алса, 102 нөміріне хабарласыңыз. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Курьер Магнумда жұмысын жалғастыруда
  • Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды
  • Астанаға Дженнифер Лопес келеді
  • Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды
  • «Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер