Полицейлер ескертеді: алаяқтардан сақ болыңыз!

Screenshot_3.jpg

Елімізде әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасайтындардың саны азаймай тұр. Түрлі қитұрқы әрекеттерге барып, оңай жолмен ақша табатын интернет алаяқтарымен күрес күннен-күнге күшейе түсуде.

Өзгелердің  әлеуметтік парақшаларын бұзып кіріп, бірде ең жақын досың болып, бірде туысқаның болып, сеніміңе кіріп, қаржылай көмек сұрайтын айлакерлердің  қулығына құрық бойламайтыны анық. Дегенмен Түркістандық полицейлер бұл бағытта нақты жоспарлармен жұмыс атқаруда.  

Осы орайда Түлкібас АПБ қызметкерлері аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнатқан. Түлкібастық сақшылар жедел-профилактикалық іс-шараларды жандандырып, сақтық шараларын да мықтап қолға алған. Әлеуметтік желілерде әрбір азаматқа  интернет алаяқтарынан сақтану жолдарын түсіндіріп, арнайы тақтайшаларда жазбаша және бейнематериал арқылы ауызша түрде олардың жоспарларын әшкерелейтін нұсқаулықтар мен ескертпелерді кеңінен таратуда. Сондықтан банк қосымшасын пайдалану мен ақша аудару операциясын жасауда сауаттылықтарыңызды арттырып, полицейлердің ескертуіне құлақ асыңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушы сабаққа барып жүр
  • КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕАМБУЛАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
  • НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: КЛЮЧЕВЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ПРИОРИТЕТЫ
  • «Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекітуді ұсынылды
  • Цифрлық дәуірдегі құқықтық қорғаныс күшейтілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер