Полицейлер теледидарды спутниктік қосымшасымен бірге жымқырған ұрыны ұстады

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ауылдағы үйлердің бірінен тұрмыстық техника ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде, күдіктіден ұрланған теледидар мен оның спутниктік қосымшасын тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.  

Толықтырып айтсақ, аудандық полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның үйіне терезе арқылы кіріп, спутник пен теледидарын ұрлап кеткен. 

Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 180 мың теңгені құрады. Учаскелік полиция инспекторлары ұрлық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстау мақсатында  дереу оқиға орнына шықты. Олар аулаларды аралап, куәлардан жауап алды.  

Осылайша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға,тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді. Сондай-ақ мүмкіндігінше тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылы, сондай-ақ терезелерге темір тор орнатылуы қажет. Егер де, сіз,  ұрлық немесе тонау қылмысының құрбаны, куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер