«Қорғау» бағдарламасымен 200-ге тарта жүргізуші жауапқа тартылды

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысында ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші аптасында іске қосылған «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасымен айыппұлдарын төлемей жүрген, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер дер кезінде анықталуда. Мәселен полицейлер жаңа бағдарлама қосылғаннан бері жол ережесін бұзған 200-ге жуық автокөлікті анықталды. Оның ішінде жалған нөмірмен жүрген «Toyota Land Cruiser» көлігі мен айыппұлы 3 миллион теңгеге жуық 30-ға тарта автокөлік бар. Ал қалған жүргізушілер жол қозғалысы ережесіне қатысты түрлі  құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылды. Барлық көліктер айыптұраққа жеткізілді.

Қолданысқа енгізілген бағдарламамен Түркістан ҚПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық шараларды күнделікті атқаруда. Мысалы күні кеше Б.Саттарханов пен Әмір Темір көшелерінің қиылысында тұрған полицейдің планшетіне Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан Б.Саттарханов көшесінде келе жатқан есепте жоқ «ВАЗ 2104» маркалы ресейлік көлік туралы ақпарат келіп түсті.  Полицей дабыл бойынша бірден әрекет етіп, көлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде ресейлік көліктің Ресей Федерациясы есебінен шығарылғаны анықталды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылып, көлігі сол сәтте эвакуатордың көмегімен айыптұраққа қойылды. 

Өздеріңіз көріп отырғандай, «Қорғау» жүйесі көлікті жалған нөмірмен басқаратын жүргізушілерді, техникалық байқаудан өтпеген немесе сақтандыру полисінсіз жүргендерді бірден анықтайды. Оларды ұстау қажеттілігі туралы ақпарат түскен бойда сол аумаққа жақын жүрген тәртіп сақшылары қолдарындағы қызметтік планшеттері арқылы апаттың алдын алу шараларын қабылдайды, жүргізушінің жүрген орны туралы мәліметті көре алады. Жалпы жол апатының санын азайту мен болдырмау мақсатында жол ережесін өрескел бұзушылардың анықталуы  назардан тыс қалып жатқан жоқ.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер