Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Screenshot_9.jpg

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Отырар аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өткізді. Шараға полковник Ержан Жүнісов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, полиция полковнигі Ерлан Шамшат, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Ержан Оралбай мен жеке құрам қатысты.

Жиында облыс көлемінде орын алған қылмыстар сараланып, баяндама жасалды. Баяндамада сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен анықтау шаралары да кеңінен талқыланды. Осыдан кейін арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ заңсыз сыйақы әрекеттеріне қомақты айыппұл салынатындығы да ескертіліп, барша қызметкерлерді жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

Сонымен қатар мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» жолдауына қолдау білдіріліп, сұрақ-жауаптар айтылды.

Кездесуге қатысушылар өзара тақырыпқа қатысты талқылау жасап, мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығына уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер