Полиция мен ветеринария саласының мамандары кеңейтілген кеңес өткізді

Screenshot_6.jpg

Полицейлер Мақтаарал аудандық әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында кеңейтілген кеңес өткізді. Жедел кеңеске Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Шоқан Сәруар, 2 кент, 9-ауылдық округтердің әкімдері, ветеринария саласының мамандары, аудан прокурорының орынбасары және ауданның тәртіп сақшылары қатысты.

Шараның басты мақсаты – ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіру, тасымалданатын малға ветеринариялық құжатты тапсыру тәртібі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру және жергілікті атқарушы органдармен бірге атқарылатын жұмыстарды қарау.

Жиын барысында әр саланың қызметкерлері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта ауыл әкімдері, учаскелік полиция инспекторы, ветеринария сала қызметкерлерімен біргелікте қараусыз қалған және егістік алқаптардың жағалауында арқандаулы қалған малдарды қамап, иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындарға мал иелері мен бақташылар арасында үш жақты келісім  шарттарын жасау керектігі де ескертілді. Және мал базар болатын күні полицейлер мен ветеринария саласының қызметкерлері бірге рейдтік іс-шаралар жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласының заңнамасын бұзу», 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды алау және жою қағидаларын бұзу» бойынша жұмыстар атқарылатын болды. Осы секілді жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер