Террористік тұрғыдан осал нысандарға қатысты қызметкерлермен кездесу өтті

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кездесу өткізді. Кездесуге облыс аумағында орналасқан объектілердің тексеруге бекітілген қызметкерлер мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкерлері шақыртылып, оларға террористік тұрғыдан осал объектілердің тәртібі бойынша оқыту сабақтары жүргізілді. Олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен келіп түскен нұсқауға сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі жаңа тәсілдер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде енгізілген өзгерістерді түсіндірді және ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды орындау қажеттігі туралы объектілердің басшылары мен меншік иелеріне ескерту жасалды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер