Көршісінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп алаяқтық ойын іске асырған ер адам ұсталды

Screenshot_8.jpg

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, көршісі 2012 жылдың күз айында өзінің тұрып жатқан үйінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп сендірген. Содан 250 000 теңге ақшасын алып, арада 10 жыл уақыт өтсе де, үйдің құжаттарын рәсімдемей, не ақшасын қайтармай алдап жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, одан жауап алды.

Анықталғандай, ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ақша қажет болуына байланысты осындай қадамға барып, ақшаны жаратып ажібергенін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болыңыздар. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер