Полицейлер жыл басынан бері 1200-ге құқықбұзушылықты анықтаған

Screenshot_9.jpg

Мақтааралдың полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 4 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1122 құқықбұзушылықты анықтаған.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» - 49, 132-бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» - 3 құқықбұзушылық, 423-бабымен «Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы» - 2, 200-бабымен «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» - 1 құқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» - 13, 408-бабымен «Ауылшаруашылы жануарларын жаю қағидаларын бұзуы» - 374 құқықбұзушылық, 434-бабымен «Ұсақ бұзақылық» - 303, 437-бабымен «Тыныштықты бұзу» - 8 құқықбұзушылық, 440-бабымен «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» - 119 құқықбұзушылық,  441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу» - 4, 442-бабымен «Кәмелетке тлмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» -3, 442-бабы 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» - 188 құқықбұзушылық тіркелген. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен «Қоғамдық орындарда тиісу» - 53 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.

Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция қызметкерлері қоғамдық орында адамның қадыр-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мас халде жүрген 119 тұлғаны анықтап, олардың әр қайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 15315 (он бес мың үш жүз он бес) теңгеден айыппұл салған.   

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер