Түркістан: Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Арыс қаласында Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті. 

ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров,  Қазақстан Республикасы  Орталық референдум комиссиясының хатшысы  Мұхтар Ерман арнайы келіп, Арыс қаласында орналасқан референдум учаскелерінің жай-күйімен танысты. 

Одан кейін Мәдениет үйінде жиналған халықпен кездесіп, аумақтық  референдум комиссиялары  мен  жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің  қатысуымен  республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу  туралы семинар-кеңес өткізді. 

Нұрлан Әбдіров кездесуде референдумның мемлекет болашағына оң өзгеріс әкелетінін айтып, алда өтетін референдумды өткізудегі ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды. 

Жиын барысында «Референдум өткізу бойынша жергілікті атқару органдарының тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы» Түркістан облысы  әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы аумақтық референдум комиссиясының Төрағасы Әлібек Өмірәлиев «Референдум күнін ұйымдастыру және дауыс беру учаскелерінде референдум комиссияларының қызметінің  ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. 

Түркістан облысы әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев  «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы», Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков «Республикалық  референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Орталық референдум комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Жалмұрзаев «Республикалық  референдум қарсаңындағы үгіт және дауыс беру  күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу туралы» тақырыбында БАҚ өкілдеріне ақпарат берді. 

Жиналыстан кейін, ҚР Орталық референдум комиссиясы референдум учаскелеріндегі жұмысты үйлестіру бойынша Ордабасы, Отырар аудандарына сапар шекті. 

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер