Полицейлер малдарын жайылымға қараусыз жіберген 5 тұрғынға шара қолданды

Screenshot_10.jpg

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз біреулердің қараусыз жүрген ірі қара малдары оның егістік алқабын таптап кеткен.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, мал иелерін іздестіруге шықты. Олар егістік алқапты мұқият қарап, мал иелерімен әңгімелесулер жүргізді. Нәтижесінде, бақташысыз жүрген малдардың 5 бірдей иесі анықталды. Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары 2 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабы «Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау» бойынша, сондай-ақ үш тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар полицейлер алдағы уақытта осындай жайттарды болдырмау және алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни малдарды қараусыз жібермей, бақташы жалдау керектігі, сонымен қатар үш жақты келісім шарт болуын да ескерте кетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер