Келестік полицейлер балаларға жолда жүру ережелерін түсіндірді

Screenshot_11.jpg

Еске салсақ Түркістан облысы аумағында "Абайлаңыз балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты — балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осыған орай Келес АПБ қызметкерлері белсенділік көрсетті. Аталған іс-шараға сәйкес полицейлер аймақтағы білім беру мекемелерін аралап, мектеп оқушыларына "Жол ережесін білесің бе?" атты дәріс өткізді. Онда оқушыларға әрбір жол белгісінің мағынасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер жолағынан өту тәртібі кеңірек баяндалып өтті. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына баса мән беріліп, олардың сақтық шараларын жатқа білуі үшін полицейлер  барынша ықпал жасады.

Өз кезегінде мектеп мұғалімдері сақшыларға тағылымды шара үшін рахметтерін айтып, мұндай дәрістердің жиі өтіп тұрғанын қалайтындықтарын атап өтті.  Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан  жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, оларды жолда жүру ережелерін үнемі сақтап жүруге дағдыландыру полиция қызметкерлерінің басты назарында.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер