Полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен жас жігіттерді анықтады

Screenshot_3.jpg

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйел адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, алтын алқасын, болгарка, еттартқыш, массаждық матрасын жасырын түрде ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген жалпы шығын көлемі 850 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті екеудің мекенжайы анықталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Полицейлер күдіктінің бірін құрықтап, полиция бөліміне жеткізді.  

Анықталғандай күдікті екеу түнгі 01:30 шамасында, ешкім тұрмайтын үйге  ұрлыққа түскен. Жас жігіттер терезені күшпен ашу арқылы үйге кіріп, алтын бұйымдар мен тұрмысқа қажетті заттарды ұрлаған. Оңай жолмен келген заттарды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға тұрғын үйлеріңізге, дүкендеріңізге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.  Егер де, сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер