Полицейлер ауласына 2700-ден астам түп көкнәр еккен егде жастағы ер адамды ұстады

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов бастаған тәжірибелі полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі егістігін жойды. Бұл дегеніміз республика көлемінде өткізіліп жатқан  «Есірткісіз болашақ» атты 1 айға жоспарланған іс-шарада атқарылған ең нәтижелі, ауыз толтырып айтарлық  іс болмақ.

Полиция полковнигі Қ.Сахов: «Бізге, ПД-нің полицейлеріне Сарыағаш ауданының тұрғыны есірткі егумен айналысады деген жедел ақпарат келіп түсті.  Есірткіге қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан шұғыл топ құрдық. Бірден Сарыағаш ауданына іссапармен шығып, жан-жақты тексеру жүргіздік. Осылайша жинақталған ақпарат көздеріне сүйене отырып, күдіктіні анықтадық. Оның үйіне тінту жұмыстарын жүргіздік. Осылайша егде жастағы ер адамның үйінің артқы жағында орналасқан егістік алқабынан егілген, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктерді таптық. Айғақты зат ретінде күдіктіден 2720 түп өсімдікті тәркілеп, оларды сараптамаға жібердік. Сараптама қорытындысымен алынған түптер «көкнәр» өсімдігі болып шықты. Жергілікті тұрғынның есірткі егіп-өсіруі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабымен "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" СДТБТ-ға тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда»-деп атап өтті.

Сонымен қатар осы жылдың 1 маусымы мен 30 қазан аралығында есірткі қылмыстарын болдырмау мен алдын алу үшін «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып:

*Есірткі адам өмірі үшін аса қауіпті болғандықтан оған еліктемеуге және мүлде тұтынбауға;

*Есірткінің зияндылығы туралы жиі айтып, насихаттауға;

*Жаман әдеттерден сақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер