Полицейлер «Сервистік полицияның моделі» бойынша жиналыс өткізді

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің қатысуымен  облыстық әкімдік ғимаратында жиын өтті. Жиналысқа облыстық полиция департаменті, прокуратура, денсаулық сақтау басқармасы, адами әлеуетті дамыту және төтенше жағдайлар департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Шараның басты мақсаты – «сервистік полиция» моделін енгізу бойынша атқарған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды талқылау.

Сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделуі керек. Полиция әртүрлі тілектерді қанағаттандырумен емес, заңға мүлдем бейтарап қызмет көрсету арқылы қоғамдық сенімге ие болуға тырысуы қажет.

Жиын барысында полицейлердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы сөз болды. Олар түрлі қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында жұмыстар жасауда. Шараға келгендер осы тұрғыда өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, талқыға салды.

Жиналыстың соңы полиция полковнигі Ә.Сейдуалиев: «Құрметті әріптестер, сервистік полиция  - жазалаушы орган емес, халыққа көмектесуші орган. Халықпен етене жақын болып, сұраныс бар жерге жағдай жасай білейік. Біз полиция - азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесетін және қызмет көрсететін саланың маманымыз. Сондықтан халыққа жанашыр, қорғаушы полицей болып сапалы қызмет көрсетейік. Елдің алғысына бөленіп, жауапкершілікті сезінейік» -деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер