Полицейлер 3 жасар бүлдіршінді тапты

Screenshot_3.jpg

Күнделікті қоғам тыныштығын сақтау қызметіне кіріскен Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің назарына Шаян-Жамбыл тас жолының бойында жүрген 3 жасар шамасындағы бала ілікті. Кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқаған полицейлер, бірден оның қасына келді. Бүлдіршіннен оның ата-анасы, үйі қайда екенін сұрағанымен, бала дұрыс жауап бере алмады. Осыдан соң тәртіп сақшылары ұл баланы полиция бөліміне жеткізіп, оның жағдайын жасап, тамақ-суын әперді. Одан ары ата-анасын табуға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізді. Ауыл аймақтан сұрастырып, әлеуметтік желі арқылы суретін таратып, соның нәтижесінде 1 тәулікке жеткізбей ата-анасын тапты. Ата-ана мен бүлдіршінді қауыштырды.

Анықталғандай, бала өзінің ауласында ойнап жүріп, үйінен 2 шақырым қашықтыққа дейін алыстап кеткен. Ал анасы оны жақын маңда ойнап жүр деп, бейқам жүре берген. Ұлымен аман-есен табысқан тұрғын полиция қызметкерлеріне: «Кішкентай баламды тауып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткендеріңіз үшін алғысым шексіз! Сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілеймін» - деп ерекше алғысын білдірді.

Өз кезегінде облыс полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, барынша сақ болуды ескертеді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер