Полицейлер қой сойып, етін мұқтаж отбасыларға таратып берді

Screenshot_6.jpg

Бұған дейін де облыста қайырымдылық, қоғамдық шаралардан қалыс қалмайтын Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тағы бір сауапты іске мұрындық болды. Өйткені әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға қолдау білдіру азаматтық парыз болып табылады.

Аталмыш қайырлы істі полиция подполковнигі Мадияр Алтынбеков, полиция полковнигі Бауыржан Алдабергенов, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Турекуловтар ұйымдастырып, жеке құрам атынан қайырымдылық жасады. Яғни 5 баланы жалғыз өзі өсіріп отырған жалғызбасты ананың отбасын қуантты. Сонымен қатар күйеуі ІІ-топ мүгедегі, жалдамалы пәтерде тұратын жанұяға барды. Екі отбасыға арнап, 1 бас қойды сойып, етін жеткізіп берді.

Өз кезегінде жақсылық жасаудан жарысып, нағыз жомарттық танытқан азаматтарға көпшілік мол сауапқа кенелуді тіледі. Полицейлердің жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілей отырып, ақ баталарын берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер