Полицейлер трактордың аккумуляторын ұрлаған күдіктіні ұстады

Screenshot_10.jpg

Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша тұрғын үйінің ауласының сыртында тұрған «К-700» маркалы трактордың құны 75 000 теңге тұратын 2 дана аккумляторын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 150 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарламаны естіген тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. 

Анықталғандай күдікті жас жігіт сол көшеден күнделікті өтіп, бақылап жүрген. Ер адам ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдікті ұрлаған бөтеннің мүлкін арнайы аккумулятор қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау  қылмыс болып саналады. Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза екенін естен шығармайық.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер