Полицейлер жергілікті тұрғынның ауласынан есірткі тапты

Screenshot_13.jpg

Түлкібас аудандық полиция бөліміне ер адамнан жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсімдігін егетіні және өсіретіні туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасы аясында күдікті анықталды. Тұрғынның ауласын тінту кезінде 7 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты ретінде алынған зат «қарасора» есірткі өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер