Заманауи жедел жәрдем орталығы халыққа медициналық көмек көрсетеді

Түркістанда жаңа заман талаптарына сай жабдықталып, 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған медициналық жедел жәрдем орталығы салынды. «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен бой көтерген медициналық станция 25 бригадаға арналған. Инвестиция көлемі — 1,4 млрд теңге. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін орталықтың жұмысымен танысты.

Screenshot_9.jpg

Заманауи үлгіде жасақталған орталықта жедел жәрдем автокөліктері шақыртуларға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін дефибриллятор, кардиостимулятор, кардиоверсия, кардиомонитор, электрокардиограф, ИВЛ аппараттарымен, оттегімен және электрлік, механикалық сорғыш аппараттарымен қамтылған. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 - ға жуық шақыруға шыға алады.

— Түркістан облысында медицина саласында істеліп жатқан жұмыстар жеткілікті. Жаңа нысандар салынып, дәрігерлердің біліктілігін арттырып, цифрландыру, жедел жәрдем көліктерімен қамту жұмыстары өз ретімен жүргізіліп келеді. Бұл, өз кезегінде, өңіріміздегі аталған саланың одан әрі дамып, өркендеуіне жол ашады деп білемін. Жаңа жедел жәрдем станциясына инвестиция салған «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорнына» ризашылығымызды білдіреміз. Түркістанда халықаралық стандарттарға сай заманауи емдеу орталықтары жұмыс істейтін болады, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Screenshot_10.jpg

Screenshot_11.jpg

Жедел жәрдем стансасы 4 категориялық санат бойынша «алтын сағат» қағидасына сай жұмыс істейді. Орталықта сондай-ақ АҚШ-та біліктілігін арттырған облыс мамандары қызмет көрсетеді. Жалпы облыс бойынша 140 жедел медициналық жәрдем бригадалары шақыртуларға қызмет атқарады. Өңір қажеттілігі 96 пайызға қамтылған. Облыста жедел жәрдем қызметінің кластері құрылып, ауылдық және қалалық жедел жәрдем қызметтері орталықтандырылған. Нәтижесінде науқастарға жету уақыты барынша азайып, қызмет көрсеру сапасы айтарлықтай артты.

Түркістан қаласында медицина саласын дамытуға күш салынуда. Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауымен «Ана мен бала орталығының» құрылысы жүріп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жандос Тасов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды
  • Call орталыққа хабарласып сапалы қызмет ала аласыз
  • Министрдің жұмысына ақсақалдар тарапынан оң баға берілді
  • Ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысында ана өлімі тіркелмеген!
  • Заманауи жедел жәрдем орталығы халыққа медициналық көмек көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер